Ертең Үкімет отырысында өңірлік театрлар мәселелері талқаланады

Ертең, 11 ақпан күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Қазақстан Үкіметі отырысында өңірлік театрлар мәселелерін қарау жоспарланған, деп хабарлады бүгін брифингте ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

«Ертең, 11 ақпан күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Қазақстан Үкіметі отырысында өңірлік театрлар мәселелерін қарау жоспарланған», - деді ол.

Аталған тақырып бойынша мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері баяндама жасайды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу