Ертең Үкімет отырысында астық жинау науқанының қортындысы жасалады

Ертең, 12 қараша күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін ҚР Үкіметі отырысында биылғы жылдың астық жинау науқаны қортындыланады. 

Астық жинау қортындылары және астық нарығындағы жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндайды.

Сондай-ақ, Үкімет отырысында туберкулезбен күрестің 2020 жылға дейінгі Кешенді жоспары қаралады және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. 

Аталған мәселелер бойынша денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова және Ішкі істер министрлігінің басшысы Қалмұханбет Қасымов сөз сөйлейді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу