Ертең Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері қаралады
Ертең, 19 желтоқсан күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасының негізгі ережелерін және 2013-2020 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібінің өнімін қайта өңдеуді дамыту бойынша іс-шараларды Кешенді жоспарын талқылау жоспарланған.
Аталған мәселелер бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, өңірлік даму министрі Болат Жәмішев және ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндама жасайды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз