Ертең ҚР Үкіметі отырысында су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарлама жобасы қаралады

Ертең, 24 желтоқсан күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров су ресурстарын басқару бойынша Мемлекеттік бағдарлама жобасын ұсынады, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Әбибуллаев брифингте.

Екінші қаралатын мәселе, ОКҚ өкілінің мәліметінше, 2013 жылға Үкіметтің заң жобалары бойынша жұмыстарын орындау қортындысы болмақ. Сәйкес тақырыпта әділет министрі Берік Имашев баяндама жасайды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу