21 Қаңтар 2013, 09:53
Ертең, 22 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары және 2013 жылдағы басты міндеттер қаралады.
Аталмыш рейтинг бизнесті жүргізудің түрлі аспектілерін, оның ішінде ұлттық заңнаманы, қаржылық, әкімшілік жүйелерді, елдегі кәсіпкерлікті дамытуға әсерін тигізуші басқа да мемлекеттік шаралардың деңгейін бағалайды.
2012 жылы Дүниежүзілік Банкінің "Doing Business-2013" рейтингінде Қазақстан 2011 жылдың рейтингімен салыстырғанда өзінің беделін 7 бағамға жақсартып, 49-шы орынға ие болды.
Үкімет отырысының видео-таратылымын сағат 10.00-да Primeminister.kz сайтынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу