Ертең Үкімет отырысында Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту мәселелері қаралады

Ертең, 22  қаңтарда   Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін  Үкімет отырысында  Дүниежүзілік  Банктің "Doing  Business"   рейтингінің  көрсеткіштерін  жақсарту  бойынша  атқарылған  жұмыстардың  қорытындылары  және  2013  жылдағы  басты  міндеттер   қаралады.

Аталмыш  рейтинг  бизнесті  жүргізудің түрлі аспектілерін,  оның ішінде ұлттық  заңнаманы,  қаржылық, әкімшілік жүйелерді,  елдегі  кәсіпкерлікті  дамытуға әсерін  тигізуші басқа да  мемлекеттік  шаралардың деңгейін   бағалайды.

2012  жылы   Дүниежүзілік  Банкінің   "Doing  Business-2013"  рейтингінде  Қазақстан  2011  жылдың  рейтингімен  салыстырғанда  өзінің  беделін  7  бағамға  жақсартып,  49-шы  орынға  ие  болды.

Үкімет  отырысының  видео-таратылымын  сағат  10.00-да Primeminister.kz сайтынан   көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу