Ертең ҚР Үкіметі отырысында жылу беру маусымына дайындық мәселелері талқыланады

Ертең, 24 қыркүйекте ҚР Үкіметі отырысында ҚР Премьер-Министра Серік Ахметовтің төрағалығымен 2013-2014 жылдары жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралады, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

«Еліміздің Үкіметі жылу беру маусымына баса назар аударып келеді, ол еліміздің климаттық жағдайы бойынша басты әлеуметтік мәселе болып табылады және Қазақстанның барлық өңірлері мен халқына қатысты. Осыған байланысты 24 қыркүйекте Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметовтың басшылығымен Үкіметтің дәстүрлі отырысында еліміздің барлық өңірлерінің жылу беру маусымына дайындық барысын талқылау жоспарланған», - деді А.Әбибуллаев брифинг барысында.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу