Ертең ҚР Үкіметі отырысында табиғи монополиялар субъектілерін тарифтік реттеу мәселелері қаралады

Ертең 1 қазан күні ҚР Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен сапа мен энергия тиімділігін арттыру тетігі ретінде табиғи монополиялар субъектілерін тарифтік реттеу мәселелері қаралады. 

Аталған мәселе бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің төрағасы Мұрат Оспанов негізгі баяндама жасайды. Оған қоса, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы Ерболат Досаев баяндама жасайды.   

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу