Ертең ҚР Үкіметі отырысында 2012 жылға ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерді инвентаризациялау қортындысы қаралады

Ертең, 9 сәуірде ҚР Үкіметінің кезекті отырысында 2012 жылға ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерді инвентаризациялау қортындысын талқылау жоспарланған, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихаты барысында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев. 

"Ертең Үкімет отырысында 2012 жылға ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерді инвентаризациялау қортындысы талқыланады. Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану - мемлекетіміздің басты мақсаты", - деді А.Әбибуллаев. 
 
Қазақстан Үкіметі қызметінің күн тәртібі туралы мәлімет бере отырып, осы аптада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына баруды жоспарлағанын атап өтті.

Сапар барысында С.Ахметов ТКШ және тұрғын үй салуды жетілдіру бағдарламасын іске асыру нәтижелерімен танысады, сонымен қатар облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына барады, БҚО активі отырысын өткізеді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу