Ертең ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының құжат айналымын қысқарту бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері қаралатын болады
Ертең, 28 қаңтарда өтетін Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін модернизациялау Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың құжат айналымын қысқарту бойынша тапсырмасын орындау мәселелері талқыланатын болады, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
«28 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін модернизациялау мәселелері қаралатын болады . Ол туралы ҚР ҚОСРМ Н.Қаппаров баяндайды»,-деді А.Әбибуллаев.
А.Әбибуллаевтың ақпараты бойынша, ақпарат тасқынын оңтайландыру және 2013 жылғы атқарушылық тәртіптің қортындылары туралы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Е.Қошанов пен Көлік және коммуникациялар министрі А.Жұмағалиев баяндайды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз