Ертең Үкімет отырысында балама энергия көздерін дамыту мәселелері талқыланады

Ертең, 5 ақпанда өтетін Үкімет отырысында  балама энергия көздерін дамыту мәселесі  талқыланады деп  жоспарлануда,   деп хабарлады  бүгін брифингте  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

                        

«5  ақпанда   Премьер-Министр Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізеді.  Онда  балама  энергия көздерін дамыту мәселесі  талқыланады.  «Жасыл экономика» аясындағы бағдарламаларды іске асырудың, Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамытудың және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу жоспарының аясында бұл мәселенің маңызы зор»,  деді А.Әбибуллаев. 

Ол  сондай-ақ, 7 ақпанда  Үкімет басшысының қатысуымен  "СамұрықҚазына" ұлттық  әл-ауқат қорының   кеңейтілген отырысы өтетінін, онда 2012 жылдың жұмыс қорытындысы    мен 2013 жылыдң міндеттері  қаралатынын   мәлім етті. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу