Жедел штабтың Екібастұз қаласындағы жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жөніндегі ағымдағы жағдай туралы ақпараты

71 көпқабатты проблемалық үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді.

Жедел штабтың жетекшісі — премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қазіргі таңда осы үйлердің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде. 

Жедел штаб жүргізілген жөндеу жұмыстарының тізбесі берілген барлық зардап шеккен үйдің тізімін жариялады.

Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы  689 көп қабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу