Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жергілікті бюджеттердің кірісі бойынша жоспар 315 млрд теңгеге асыра орындалды — Е. Жамаубаев

Сәрсенбі, 11 Тамыз 2021, 11:31:22

Биылғы жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштерінде мемлекеттік бюджетке 5 трлн 832 млрд теңге сомасында кіріс түсті (жоспар 105,8%-ға атқарылды),  республикалық бюджетке 3,6 трлн теңге түсті (жоспар 100,1%-ға атқарылды). Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндады. 

Жалпы, кірістер бойынша жоспар 4 млрд теңгеге асыра орындалды, оның ішінде салықтар бойынша 3 млрд теңгеге атқарылмады. Бұл ретте, салықтық емес түсімдер 4 млрд теңгеге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 3 млрд теңгеге асыра орындалды.

Салықтар бойынша атқарылмаудың негізгі сомалары импортқа қосылған құн салығына, корпоративтік табыс салығына, мұнайға экспорттық кеден бажына және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа тиесілі болды. Импортқа қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауы Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымының 2020 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда 1,7%-ға немесе $593 млн төмендеуіне байланысты болды.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 744 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға азаюына байланысты. Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың орындалмауының негізгі себебі Теңіз кен орнында шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі болды. Пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауы жерасты суларына мөлшерлеменің төмендеуіне және пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің азаюына байланысты болды.

«Дегенмен, өткізу бойынша айналымдардың 1,6 есе ұлғаюына байланысты ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар асыра орындалды. Бұл ретте, қайтару сомасы 8,3%-ға өскеніне қарамастан, қосылған құн салығын қайтару бойынша бизнес алдындағы міндеттемелер уақтылы орындалуда. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарды асыра орындау негізінен мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар және өндіріп алулар бойынша қамтамасыз етілген», — деді Е. Жамаубаев.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар негізінен аукцион өткізу жолымен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату есебінен асыра орындалды. Өткен жылы материалдық құндылықтардың негізгі бөлігі басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз берілді, яғни материалдық құндылықтарды сату жүзеге асырылмады.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 116,8%-ға атқарылды және 2 трлн 191 млрд теңгені құрады. Жоспар 315 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 264 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,3%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,8%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,7%-ға атқарылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттердің барлық деңгейлерінде атқарылу көрсеткіші жоғары.

Республикалық бюджет бойынша сомасы 8,6 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 17 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу 5 млрд теңгені құрады. Игерілмегені – 12 млрд теңге.

Министрдің айтуынша, игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, қаржы, төтенше жағдайлар мен экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: шарттарды қазынашылық органдарына тіркеуге кеш ұсыну; төлем жөніндегі құжаттарды ұзақ келісу; орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; сот талқылауларының болуы.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,5 трлн теңгені құрады. 58 млрд теңге атқарылмаған.

Ағымдағы жылы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 тамызға оларға 1 трлн 160 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-ы игерілді. Атқарылмағаны – 21 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 3 млрд теңге, игерілмегені – 18 млрд теңге. Ең көп игерілмеу: Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында қалыптасты.

«Ағымдағы жылғы 7 айдың ішінде камералдық бақылаумен сомасы 4,9 трлн теңгеге 583 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 17 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы 16,5 мың хабарламаны орындады», — деді қаржы министрі.

1 978 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1 трлн 340 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 139 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізумен, қызметтерді көрсетумен және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепте көрсету жолымен 90 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 775 ұсыным берілді.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 25 млрд теңгеге 78 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 70 объект сатылымға қойылды. 5 объекті таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 520 объектіні өткізу керек.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.