ҚР Үкіметінің отырысы, 01.10.2019

1 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Отырыста 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау, сондай-ақ ауылда интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G-ді дамыту мәселелері қаралды.  

— Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов негізгі макрокөрсеткіштер және бюджет параметрлерінің болжамы туралы баяндады, ал қаржы министрінің бірінші орынбасары Б. Шолпанқұлов 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің жобасымен таныстырды.

— Ауылда интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және 5G-ді дамыту мәселелері туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев баяндама жасады. 

— ҚР Үкіметінің отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— А. Жұмағалиев Қазақстанда 5G желілерін енгізу туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

— Қ. Есекеев Қазақстанда еSIM жаңа тұжырымдамасын құру туралы айтып берді. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу