23 Шілде 2019, 18:54
23 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмалары мен міндеттерін орындау мәселелері қаралды.
— ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары Ж. Қасымбек пен Г. Әбдіқалықова, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша баяндама жасады.
— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәселені қарау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайыловтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу