ҚР Үкіметінің отырысы, 21.11.2023

21 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

  • Отырыста теміржол саласын одан әрі дамыту және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту шаралары қаралды. Еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамыту аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде көлік министрі Марат Қарабаев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады. Үкімет басшысы жылжымалы құрамды жаңарту және 2029 жылға қарай тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету жөніндегі жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті.

  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша цифрлық сервистерді дамыту туралы баяндады. Бағдат Мусин бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің шамамен 93%-ы электронды түрде көрсетілетінін айтты. Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда смартфон арқылы көрсетілетін қызметтер саны 6 есеге өскен. Әлихан Смайылов мемлекет тарапынан қабылданған шаралар Қазақстанға онлайн қызметтер көрсету бойынша БҰҰ рейтингінде 8-орынға көтерілуге себепші болғанын атап өтті. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу