ҚР Үкіметінің отырысы, 01.03.2022

1 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.  

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Украинадағы қақтығыстың ел экономикасына әсері, кәсіпкерлік қызметті «жаңа парақтан бастап» реттеу тәсілдерін іске асыру және әлеуметтік және еңбек салаларын цифрландыру мәселесі қаралды. 

  • Қаржы нарығындағы қазіргі жағдай туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндады.
  • Үкімет басшысы бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобалар басым түрде мемлекеттік қолдауға ие болатынын, биыл осы және басқа да шаралар қабылданатынын айтты
  • Кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов баяндама жасады. 
  • ҚР Премьер-Министрі Ұлттық экономика министрлігіне «Атамекен» палатасымен бірлесіп, реттеудің жаңа тәсілдеріне сәйкес Міндетті талаптар реестрін құрудың кестесін бекітуді, бұған дейінгі реттеушілік актілерді биылғы 1 шілдеге дейін қайта қарауды тапсырды.
  • Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады.
  • Премьер-Министр Ә. Смайылов жыл соңына дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шараларын электрондық форматқа ауыстыруды  қамтамасыз етуді және жұмыс іздеп жүгінген азаматтардың кемінде 40%-ына онлайн режимде қызмет көрсетуді, биылғы жылғы 25-наурызға дейін Smart Data Ukimet базасында «Отбасының цифрлық картасы» жобасын іске асыру жұмыстарын аяқтауды, а.ж. 1-маусымға дейін медициналық ақпараттық жүйелерді «мүгедектікті сырттай белгілеу» жобасына қосуды және мемлекеттік қызметтің осы түрін сырттай алатын адамдардың үлесін 20%-ға дейін жеткізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу