01 Сәуір 2025, 16:30
1 сәуір күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев баяндама жасады.
2024 жылы 341 млн қызмет көрсетілді, оның 91%-ы электронды түрде ұсынылды. Министр көптеген қызметтер белсенді түрде қолжетімді болып келе жатқанын атап өтті, яғни өтініш берудің және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) барудың қажеттілігі азайды.
Жаслан Мәдиев eGOV платформасы арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі монополияланбағанын және негізгі қызметтер танымал финтех-платформаларға шығарылғанын атап өтті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев Үкімет отырысында цифрлық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейту жөніндегі шаралар туралы баяндады.
Оның айтуынша бүгінде 334 халыққа қызмет көрсету орталығы 1 296 қызмет түрін ұсынады. 2024 жылы орталықтар 23 млн-нан астам қызмет көрсетті.
Премьер-министр «электронды үкіметтің» үздіксіз жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті, осыған байланысты серверлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында қосымша шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар көрсетілетін онлайн-қызметтерді одан әрі арттыру үшін жоғары жылдамдықты интернеттің жаппай қолжетімді болуын қамтамасыз еткен жөн екені атап өтілді. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық азаматтардың электрондық мемлекеттік қызметтерді толық алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіре отырып, мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру қажет. Дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу