ҚР Үкіметінің отырысы, 01.06.2022

1 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • Үкімет отырысында алдымен Балалар жылын өткізу мәселелері қаралды. ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баяндама жасады.

  • Ә. Смайылов әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы балаларды сауықтыру шараларымен, жазғы демалыспен және бос уақыттарын пайдалы өткізумен барынша қамтуды; барлық ауылдық елді-мекендерде спорт алаңдарын, балаларды дамыту орталықтарын жабдықтап, ойын-сауық, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруды; денсаулық сақтау бойынша шалғайдағы елді-мекендерде балалардың денсаулық жағдайына скринингтік және стоматологиялық тексерулер жүргізу үшін жылжымалы медициналық пункттердің жұмыс істеуіне қатысты шаралар қабылдануды тапсырды.

  • Сондай-ақ Үкімет отырысында отандық туризм мен ұлттық парктерді дамыту мәселелері қаралды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баяндама жасады.

  • Үкімет басшысы туристік объектілерді инженерлік инфрақұрылыммен уақытылы қамтамасыз ету шараларын қабылдауды; бірінші кезекте, туристердің қауіпсіздігі мен қызметтердің сапасын арттыруды көздейтін туристік өнімдер ұсыну жөнінде кешенді жұмыстарды ұйымдастыруды; Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту жоспарын бекітіп, ондағы шараларды іске асыруға кірісуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу