ҚР Үкіметінің отырысы, 01.08.2023

1 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста машина жасау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды. Онда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қазақстан машина жасаушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы қысқа мерзімде Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарын келісуді, Халықаралық мұнай-газ машина жасау орталығының тиімділігін арттыруды, сондай-ақ Қазақстанда аналогтары бар импорттық ауыл шаруашылығы техникасына инвестициялық субсидия беру мөлшерлемесін 25%-дан 15%-ға дейін төмендету мәселесін пысықтауды тапсырды.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысындағы екінші мәселе – бұқаралық спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндама жасады.

— Әлихан Смайылов Мәдениет және спорт, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері әлемдік тәжірибені ескере отырып, дене шынықтыру жаттықтырушылары мен мұғалімдерін даярлау жүйесін қайта қарауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу