ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020

2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы және жаңа жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы қаралды. 

— «Еңбек» бағдарламасының орындалуы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады.

— Премьер-Министр барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыспен қамтуды жандандырудың нақты шараларын қабылдауды тапсырды

— Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа жағдайда өткізуге дайындық туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы білім және ғылым, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктеріне және өңірлер әкімдіктеріне ҰБТ-ны сапалы өткізуді және санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу