03 Қыркүйек 2024, 17:55
3 қыркүйекте Үкімет үйінде Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова баяндама жасады.
Үкімет отырысы Қазақстан Президентінің Жарлығымен тағайындалған жаңа туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың ант қабылдауымен басталды. Үкімет басшысы жауапты қызметте жаңа министрге табыс тілеп, бұрынғы министр Ермек Маржықпаевқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауы Үкімет пен бүкіл қазақстандық қоғам үшін стратегиялық бағдар болып табылатынын атап өтті. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп биылғы 1 қарашаға дейін Үкіметке Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту жөніндегі қаулы жобасын енгізу тапсырылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Премьер-Министр Олжас Бектенов шаруаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарау жөніндегі негізгі міндеттерді белгіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қаржы-экономикалық блокпен және «Бәйтерек» холдингімен бірге тікелей субсидия беруден төмендетілген ставкалар бойынша қолжетімді несие беруге біртіндеп көшу тетігін әзірлеу тапсырылды. Бұл жұмысқа екінші деңгейдегі банктерді тарту керек.
Сондай-ақ Премьер-Министр Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін салық және қаржы саласын реформалаудың маңызын атап өтті. Президенттің Салық кодексін қабылдауды келесі жылға ауыстыру туралы тапсырмасына байланысты құжаттың негізгі аспектілерін пысықтау қажеттілігі атап өтілді. Кәсіпкерлік субъектілерінің осы шараларға ашық және тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұлттық экономика министрлігіне ревизия жүргізу және бизнесті қолдаудың бірыңғай тізілімін құру тапсырылды.
Бұған қоса Үкімет отырысы барысында әлеуметтік саланың бірқатар негізгі бағыттарына кешенді өзгерістер қажеттігіне назар аударды. Мемлекет басшысы жариялаған 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді реформалау жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп, бекітілетін болады. Премьер-Министр Олжас Бектенов оқу-ағарту министрлігінің алдына 1 желтоқсанға дейінгі мерзіммен тиісті міндет қойды. Жыл соңына дейін халықтың табысын ескере отырып, мектепке дейінгі білім беруге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлеу тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу