ҚР Үкіметінің отырысы, 06.09.2022

6 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасы қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады. 

— Премьер-Министр Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасында Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің барлығы қамтылғанын атап өтті. Ол халық пен бизнестің өзекті проблемаларын шешуге бағытталған. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет ұсынылған құжат жобасын мақұлдады. Премьер-Министр барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге Жалпыұлттық жоспарды орындауға шұғыл кірісуді тапсырды.

— Екінші мәселе бойынша жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндама жасады.

— Премьер-Министр жалпы өңір әкімдіктері жылыту маусымына дайындық жұмыстарын кестеге сай жүргізіп жатқанын атап өтті. Үкімет басшысы барлық жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, 1 қазанға дейін барлық жылу электр орталықтары мен дербес жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз етуді, сондай-ақ көмір жеткізушілермен белсенді түрде байланыс жасап, тұрақты мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу