07 Қазан 2025, 15:00
7 қазанда Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту, сондай-ақ көлеңкелі экономиканы төмендету мәселелері қаралды. ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР қаржы министрі Мәди Такиев баяндама жасады
Ақмарал Әлназарова сақтандыру үлгісін енгізу денсаулық сақтау шығындарын ұлғайтудың драйвері болғанын атап өтті. МӘМС іске қосылғаннан кейін саланы қаржыландырудың орташа жылдық өсу қарқыны екі еседен астам ұлғайып, 23,8%-ды құрады, бұл жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік берді.
Премьер-министр Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл бағытта медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жүйелі жұмыс жүргізілуде.
ҚР қаржы министрі Мәди Такиев көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша оның деңгейі 16,7%-ды құрап, 2023 жылдан бастап 0,9 пайыздық тармаққа төмендегенін атап өтті.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысы биыл ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесін 15%-ға дейін төмендету міндетін қойғанын еске салды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу