ҚР Үкіметінің отырысы, 09.02.2021

—  Үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері қаралды.

— Салықтық және кедендік әкімшілендіру туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін жаңғырту және оларды басқа мемлекеттік органдармен заманауи әдістерді, соның ішінде блокчейн мен үлкен деректерді қолдана отырып интеграциялау жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.

— Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.

— Үкімет басшысы Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін электр энергиясының тұрақты өндірісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ ЖЭК жинақтауыштарын енгізу жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ ЖЭК өңірлік аймақтарын құру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу