11 Ақпан 2025, 14:25
11 ақпанда Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Салық реформасы мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде салық реформасын кәсіпкерлермен, депутаттармен және сарапшылармен бірге талқылауды тапсырған болатын.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС – бұл жалпы үлестің 25%-ын құрайтын бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі екенін атап өтті. ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру және саралау бюджеттің мұнайдан түсетін өзгермелі кірістерге тәуелділігін азайтуға, Ұлттық қордың жинақ функциясын күшейтуге және мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлерде талқылау жүргізуді және 20 ақпанға дейін Салық кодексі жобасына түзетулерді Парламентке енгізуді тапсырды.
Сондай-ақ Үкімет отырысында егіс науқанына дайындық мәселелері талқыланды. ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасады. 2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 23,8 млн гектар жерге орналастыру жоспарланып отыр. Бұл өткен жылдың деңгейінен 518 мың гектарға көп.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің мәлімдеуінше, 30 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2025 жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығына «2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына 401 мың тонна дизель отынын беру графигін» бекітті. Министр 2025 жылдың 30 қаңтарында АИ-92 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу күші жойылғанын айтты.
Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун ауыл шаруашылығы саласына инновациялық цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Премьер-министр климаттық тәуекелдерді, өнімділік көлемін және азық-түліктің нарықтық бағасын болжау үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу