11 Наурыз 2025, 18:40
11 наурызда Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Ғылымды дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ бірқатар отандық ЖОО ректорлары мен ғылым саласы және IT-компаниялар өкілдері баяндама жасады.
Саясат Нұрбек еліміздің ғылыми әлеуеті жөнінде баяндады. Бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті 25,5 мың ғалымды құрайтыны атап өтілді, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.
Жаслан Мәдиев ғылыми саланы цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі уақытта ғылым саласында мемлекеттік қызметтің 12 түрі көрсетіледі, олардың барлығы онлайн форматта қолжетімді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 15 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 95%-ы электрондық форматта көрсетілген. Цифрлық трансформация шеңберінде ең көп сұранысқа ие 19 бизнес-процестерге реинжиниринг жүргізілді.
Премьер-министр отандық ғылымның тиімділігін арттырып, инвестициялық тартымдылығын, барлық процестің ашық әрі бүкпесіз болуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты Олжас Бектенов министрліктер мен тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу