ҚР Үкіметінің отырысы, 11.04.2023

11 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.

— Үкімет басшысы жылу энергетикасында көптеген проблема бар екенін еске салып, сондай-ақ Үкімет энергиялық бақылау қызметін заңнамалық тұрғыдан күшейтіп, оларға жоспардан тыс тексерулер жүргізу құқығын беретінін атап өтті. Премьер-Министрдің айтуынша, энергия объектілерін тиісті деңгейде күтіп ұстамай, тіршілікке қажетті жүйелердің қызметіне қауіп төнген жағдайда мемлекетке оларды меншіктен алып қою құқығы берілетін болады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу