ҚР Үкіметінің отырысы, 12.11.2019

12 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста 2019 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды.

— Экономиканың, банк саласының, республикалық бюджеттің орындалуының, мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтудың жай-күйі туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов баяндады, өнеркәсіп және көлік саласындағы жағдайлар туралы, экспорттық өнімдер бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, аграрлық сала бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, мұнай-газ саласы туралы ҚР энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов мәлім етті. 

— Премьер-Министр Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдерінің есебін тыңдады, бұл өңірлер бірқатар экономикалық көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр, сондай-ақ, бюджет қаражатын барынша игермеген министрліктердің басшылары тыңдалды.

— Премьер-Министр өңірлер мен министрліктердің басшыларына Елбасы Н. Назарбаев пен Президент Қ. Тоқаев алға қойған міндеттерді орындау жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ, маңызды өнеркәсіптік көрсеткіштердің өсімін ынталандыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу