ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021

—  Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындыcы қаралды.

— Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов және энергетика министрі Н. Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз ету және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыруды тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу