ҚР Үкіметінің отырысы, 13.09.2023

13 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы тамыз айының қорытындысы бойынша инфляция 13,1%-ға дейін төмендегенін айтты. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру тапсырылды.

— Сонымен қатар отырыста IT-саланы дамыту бойынша жаңа міндеттер қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады.

— Премьер-Министр әлемдік тәжірибені ескере отырып, венчурлік қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін заңнамаға түзетулер әзірлеуді, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражаты есебінен стартап-жобаларды қаржыландыру тәсілдерін қарауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу