ҚР Үкіметінің отырысы, 15.03.2022

15 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды. ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады.

  • ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов халықтың табысын арттыру, жұмыс орындарын құру және экономиканы әртараптандыру бойынша жұмысты барынша күшейтуді тапсырды. Өңірлердің әкімдеріне ӘМАТ бағасын тұрақтандыруға баса назар аудару тапсырылды. ҚР ҰЭМ-ге мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, баға өсімін шектеу үшін қосымша шаралар әзірлеу қажет.

  • Сондай-ақ Үкімет отырысында орта мерзімді кезеңге арналған Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары қаралды. ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев баяндама жасады.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ғылыми зерттеу процестерінің интеграциясын, кадр дайындау және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл үшін Жоспарда аграрлық университеттер базасында құрамына аграралық ғылыми институттар мен тәжірибелік шаруашылықтарды қоса отырып, зерттеу орталықтарын құру бойынша нақты міндеттерді қарастыру қажет. Сондай-ақ облыс әкімдеріне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты KPI бекітілуі тиіс.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу