ҚР Үкіметінің отырысы, 15.07.2025

15 шілде күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

2025 жылдың 6 айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Тәкиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, сондай-ақ бірнеше өңірдің әкімдері баяндама жасады.

Премьер-министр Президенттің экономиканы дәйекті түрде әртараптандыру және оның ұзақ мерзімді және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөнінде қойған міндетіне назар аудартты. Осыған байланысты Үкіметтің іскерлік белсенділікті ынталандыру, инфрақұрылымды дамыту және цифрлық технологияларды енгізу мақсатында қабылдаған кешенді қадамдардың маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу