ҚР Үкіметінің отырысы, 15.11.2023

15 қарашада Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті.

  • Үкімет отырысында биылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ға жетті. Нақты сектордағы оң динамика 3,8%-ды, қызмет көрсету саласында 5,4%-ды құрады. Салалар арасында ең жоғары көрсеткіштер құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік салаларына тиесілі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Вагапов баяндама жасады.

  • Премьер-Министр еліміздің экономикасы қолайсыз жағдайларға бейімделе отырып, орнықты өсу жолын жалғастырып жатқанын айтты. Атап айтқанда, нақты сектор экономикадағы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Әлихан Смайылов жыл соңына дейін барлық өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуді тапсырды. Басты  міндеттер – жеке инвестицияларды тарту, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа кәсіпорындар құру бағытында бизнесті белсенді қолдау.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу