ҚР Үкіметінің отырысы, 16.05.2023

16 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-сәуір айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров және ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин баяндама жасады.

— ҚР Премьер-Министрі экономиканы одан әрі әртараптандыру және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Бұл орайда, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыруға және шикізаттық емес өнім шығаруға басымдық берілуі тиіс. Негізгі капиталға 18,5 трлн теңге мөлшерінде инвестиция тарту керек. Сонымен қатар кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ көлеңкелі экономика деңгейін төмендету шараларын әрі қарай жалғастыру маңызды. Бұл ретте шағын және орта бизнесте жұмыс орындарын құруға баса назар аудару керек. Жаңа өндірістердің пайда болуына және қолданыстағы өндірістерді кеңейтуге бағытталған бастамаларды белсенді түрде қолдаған жөн. 

— Сондай-ақ отырыста өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық шаралары қаралды. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев, сондай-ақ СҚО, Қарағанды және Қостанай облыстарының әкімдері баяндама жасады.

 — Әлихан Смайылов елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен өртке қарсы ерікті құрылымдарды ұйымдастыру жұмысын жалғастыру, өрт қаупі жоғары жерлерде қосымша бақылау бекеттерін қойып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін атап өтіп, табиғи өртті ерте анықтау жүйесін белсенді түрде енгізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу