ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020

18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы, электрондық сауданы дамыту мәселелері, сондай-ақ басым емес бюджет шығыстарын қысқарту шаралары қаралды.

— ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев тұжырымдамамен таныстырды. Қазақстан мұнайшылар-геологтар қоғамының президенті Б. Қуандықов, «Шелл Қазақстан» компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі бас менеджері Э. Мерфи, «Қазақмыс Барлау» бас директоры Ғ. Нұржанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр ҚР-да геологиялық барлауды дамыту тәсілдері мен мәселенің өзектілігі туралы баяндама жасады.

— Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, пошта инфрақұрылымының жай-күйі туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы С. Сәрсенов, цифрлық кеңістікте жағдай жасау туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев баяндады.

— Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов баяндады.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу