ҚР Үкіметінің отырысы, 18.05.2021

—  Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралды.

— Қазіргі жағдай мен халықты вакциналау барысы туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі ахуал туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

— Премьер-Министр шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын жалғастыруды, «Ashyq» қосымшасын пайдалану салаларын одан әрі де кеңейтуді, өңірлерде вакциналауды арттыру бойынша жұмысты жалғастыруды, вакциналау арасындағы аралықты нақты анықтауды тапсырды.

— Жылыту маусымының қорытындылары мен алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баяндама жасады.

— Үкімет басшысы өңірлер әкімдіктеріне алдағы жылыту маусымына сапалы дайындалуды – 1 маусымға дейін ТКШ, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді, 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің толық әзірлігін қамтамасыз етуді, 15 қазанға дейін солтүстік және шығыс өңірлердегі ауа райын ескере отырып, барлық инженерлік инфрақұрылымның, ТКШ, тұрғын үй және денсаулық сақтау саласы объектілерінің толық әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу