ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020

—  Үкімет отырысында ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік және халықты дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. 

— Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев баяндама жасады. 

— Премьер-Министр А. Мамин жергілікті атқарушы органдардың карантин мен шектеу шараларын белгілеу және алып тастау жөніндегі шешімдерін әділет органдарында тіркеу рәсімдерін оңайлатуды және ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйелерін құруды тапсырды

— Халықты дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Е. Есқалиев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы әкімдіктерге осы жылдың 1 қарашасына дейін тұрақтандыру қорларының көлемін бекітілген нормативке дейін жеткізуді, медициналық ұйымдарда да, дәріханаларда да дәрі-дәрмектердің қажеттілігін үнемі қадағалап отыруды тапсырды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу