ҚР Үкіметінің отырысы, 20.12.2022

20 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста энергия объектілері мен жылу желілерінің жай-күйін тексеру мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның геологиялық саласын дамыту тұжырымдамасы қаралды.

Бірінші мәселе бойынша энергетика министрі Болат Ақшолақов пен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов баяндама жасады.

— Баяндамашлыарды тыңдап болған Премьер-Министр электр станцияларын тексеруді 2023 жылдың 1-ші тоқсанында аяқтауды тапсырды. 

— Екінші мәселе бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика министрі Болат Ақшолақов сөз сөйледі.

— Премьер-Министр Қазақстан минералдық-шикізаттық ресурстардың саны мен түрі жағынан әлемде жетекші орындардың қатарында екенін, алайда соңғы жылдары пайдалы қазбалардың көптеген түрі бойынша жаңа қорларды ашу жұмыстары мардымсыз жүріп жатқанын атап өтті. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оған енгізілген бастамалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу