ҚР Үкіметінің отырысы, 21.07.2026

21 шілде күні Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.

  • Отандық автокөлік жасау саласының қазіргі жағдайы мен алдағы даму перспективалары қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасады.
  • Қазақстанда шығарылатын көліктер желісі кеңейтіліп, автозауыттарда жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізіле бастайды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Министр қазіргі таңда автомобиль өнеркәсібі – отандық машина жасау саласындағы стратегиялық бағыттардың бірі екенін, ол әлемнің дамыған мемлекеттер тәжірибесіне сәйкес кезең-кезеңімен дамып келетінін атап өтті.
  • ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек автомобиль өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол бүгінде автомобиль өнеркәсібі үшін кадрлар даярлау еліміздің 19 жоғары оқу орнында 34 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Автомобиль өнеркәсібіне қажетті инженерлік бағыттар бойынша 4 мыңға жуық студент білім алуда. Биыл осы бағыттарға 3 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы арқылы әлемдік деңгейдегі мамандар даярлануда.
  • Олжас Бектенов автомобиль өнеркәсібінің экономиканы әртараптандыру мен еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы Үкіметке елімізді орнықты дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып, ұлттық экономика құрылымын нығайтуды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу