22 Желтоқсан 2021, 11:22
22 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Бүгінде 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың шамамен 80%-ы, сондай-ақ 8,4 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 75%-ға жуығы екінші компонентін алды.
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану 31%-ға төмендегенін айтты.
Сондай-ақ Үкімет отырысында Қазақстанның энергетика саласын дамыту мәселелері қаралды. Премьер-Министр Қазақстанның энергетика жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жедел жаңғырту және отын-энергетикалық кешеннің жаңа қуаттарын салу қажет екенін айтты.
Қазақстанның энергетика саласын дамыту бойынша энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу