ҚР Үкіметінің отырысы, 23.08.2022

23 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

 — Үкімет отырысында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндама жасады.

Үкімет басшысы ірі елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды. 

— Екінші мәселе бойынша егін жинау науқанына дайындық және жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

ҚР Премьер-Министрі қыс мезгіліне жем-шөп қорын уақытылы жасақтау шараларын қабылдау әрі олардың бағасының тұрақты болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу