23 Желтоқсан 2025, 12:00
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.
Микро және шағын бизнесті қолдау шаралары қарастырылды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Такиев, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағалары Нұрсұлтан Шоқанов, «Қазақстанның бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағы» Мереке Жұматов баяндама жасады.
Вице-премьер Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленген «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың Бірыңғай бағдарламасын іске қосу туралы баяндады. Бағдарлама ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Қаржы министрі Мәди Такиев әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу туралы баяндады. Негізгі тәсіл – салық төлеушіні сервистік сүйемелдеуге: тіркелген сәттен бастап және оның бүкіл қызметі бойында «бақылау үшін бақылаудан».
Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту Мемлекет басшысының әрдайым ерекше назарында тұрған мәселе екенін, өйткені ол халық табысының маңызды көзі саналатынын атап өтті. «Іскер аймақ» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді. Өңір әкімдіктеріне бірінші деңгейдегі субсидияларды бөлу үшін аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін қалыптастыруды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу