ҚР Үкіметінің отырысы, 24.08.2021

— Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, ҚР 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және  2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына дайындық және оны өткізу мәселесі қаралды. 

— Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин вакцина салдыру науқанын күшейтуді, Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқан өңірлердегі «Ashyq» жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күндері шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

— Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары, Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады.

— Үкімет басшысы аталған заң жобалары мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Парламентке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

— Ұлттық халық санағына дайындық барысы туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады.

— Премьер-Министр қысқа мерзімде міндетті вакциналаудан өткен жұмыскерлердің халық санағын өткізу үшін қажетті санын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуді, халық санағын өткізу бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды, халық арасында ұлттық санақтың жүргізілу мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу