ҚР Үкіметінің отырысы, 25.04.2023

25 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған өзектендірілген шаралар кешені қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндама жасады.

— Баяндамашыларды тыңдай келе, Премьер-Министр негізгі мақсат жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендету екенін атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органның әрбір жауапты басшысы Кешенді жоспардың іс-шараларын сапалы орындауға бар күш-жігерін салуы тиіс екендігін баса айтты.

 — Үкімет отырысында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының пилоттық нұсқасын қарады. Оның жүзеге асырылуы туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) бас директоры Евгений Настрадин баяндады.

 — Премьер-Министр ұлттық жоба қалалар мен ауылдардағы интернеттің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты көптеген мәселелерді шешуге бағытталғанына екпін берді. Барлық жерде байланыс сапасы мен Интернет жылдамдығының мониторингін күшейту, сондай-ақ байланыс операторлары міндеттемелерінің сақталуын ескеру қажеттігін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу