ҚР Үкіметінің отырысы, 25.05.2021

—  Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысы қаралды.

— Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі ахуал туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин халықты вакциналау қарқынын арттыруды, «Ashyq» қосымшасын «Вакцинация» модулімен және «Egov»-тағы вакцинация паспортымен интеграциялау бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

— Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы Жұмыспен қамтудың жол картасының барлық бағыттарын сапалы әрі уақытылы іске асыруды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуді, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау критерийлерін әзірлеуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу