ҚР Үкіметінің отырысы, 25.07.2023

25 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов баяндама жасады. 

— Үкімет басшысы «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын сапалы және уақытында іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды барынша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтті. Ол ауылдық аумақтарды дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жұмысын жеделдетуді тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдарының және облыс әкімдіктерінің алдына Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін қойды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу