ҚР Үкіметінің отырысы, 26.11.2019

26 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста «Электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері, еңбек қатынастарын реттеу шаралары қаралды.

— «Электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Ә. Балташева баяндады.

— Премьер-Министр А. Мамин интернет арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды.

— Кәсіпорындардың жалақы бойынша берешегі және еңбек нарығын реттеу жұмыстары туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Е. Тоғжанов, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев баяндады

— Үкімет басшысы биыл қабылданған Өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі жол картасын іске асыруды жандандырып, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мен ескертуге назар аударуды тапсырды

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу