ҚР Үкіметінің отырысы, 26.09.2023

26 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова баяндама жасады.

  • Премьер-Министр медициналық ұйымдарда менеджмент сапасын арттырып, телемедицина мен қашықтан қызмет көрсетуді енгізуді, сондай-ақ ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ұйымдарын жылдамдығы жоғары интернетке қосу процесін тездетуді тапсырды.

  • Сонымен қатар отырыста стихиялық қоқыстарды жою шаралары талқыланды. Осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

  • Үкімет басшысы 1 қарашаға дейін өңірлерде Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту қажеттігін және жыл соңына дейін рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің санын 2 есеге қысқартуды талап етті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу