ҚР Үкіметінің отырысы, 27.04.2021

—  Үкімет отырысында еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар және жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысы қаралды.

— Қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай мен халықты вакциналау барысы туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» қосымшасын пайдалану мәселелері туралы «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлердегі ахуал туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

— Премьер-Министр Асқар Мамин COVID-19-ға қарсы вакциналау жоспары мен өңірлерге вакцинаны жеткізу графигін сақтауды, бизнес-ортада «Ashyq» қосымшасын енгізуді кеңейтуді тапсырды. 

— Халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндама жасады.

— Үкімет басшысы 2021-2025 жылдарға арналған «Еңбек» ұлттық жобасының іс-шараларын қаржыландыруды, сондай-ақ осы жылдың 1 шілдесіне дейін өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеуді тапсырды.

 — Жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысы туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндама жасады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жалпыға ортақ декларациялауды енгізу бойынша басталған жұмысты бекітілген мерзімдерге сәйкес орындап, халық арасында түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізуді тапсырды


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу